Атом электр станциясы қажет пе?

14

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі. Қазақстанда ядролық отын өндірісі жолға қойылған. Өз басым Қазақстан неліктен атом энергиясын өндіруде әлі де көшбасшы емес екені мен үшін жұмбақ күйінде қалып отыр.

Заманауи атом электр станциясы сенімді және экологиялық таза деп есептеймін. Бұл қоршаған ортаға мыңдаған тонна ластаушы заттарды шығаратын жылу электр орталығы емес. Бұл күндіз ғана жұмыс істеп, түнгі уақытта істен шығатын күн батареясы да емес. Атом электр станциясы әрқашан жұмыс істейді және ондаған жылдар бойы жұмыс істеуге қабілетті!  Тұрақты даму үшін біз экономикамыздың берік негізін қамтамасыз етуіміз керек. Ал ядролық генерация біздің өнеркәсібіміз бен қалаларымызды қуатпен қамтамасыз етіп қана қоймайды. Ол жаңа жұмыс орындарын және жоғары технологияларды дамытуды, білім мен ғылым саласындағы жаңа бағыттарды, жаңа әлеуметтік лифттерді қамтамасыз етеді. Атом электр станциясы – үлкен қадам!

М.Н.Сарыхулов,

Қазақстан Республикасы Энергетика

министрлігі Ядролық физика

институтының операторы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<