Қызылордада газ жарылып, тұрғын үй құлады

13

0

Фото: Қызылорда ТЖД

Қызылордада газ жарылуы салдарынан жеке тұрғын үй қирап қалды. Төрт жасөспірім жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Ведомство мәліметінше, 28 шілдеде сағат 19-дан 56 минут өткенде Қызылорда қаласының әл-Фараби шағын ауданында жеке тұрғын үйде газ жарылып, тұрғын үй қираған. Өрт болмаған.

«4 жасөспірім зардап шекті. Қазіргі таңда олар балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде», – делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

ТЖД өкілдері ата-аналарға балалар мен жасөспірімдерді ересектердің бақылауынсыз қалдырмауды ескертті.

«Балаларға үнемі отбасында қауіпсіздік қағидасын қатаң сақтауды насихаттаңыздар! Әсіресе, электр, газ қондырғыларын пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтауды түсіндіріңіздер», – деді мамандар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<