Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады

10

0

Фото: Kazinform

Күнтізбеден шілде айының соңғы күндері жылт етіп, тамыз айы табалдырықтан аттамақ. Әдеттегідей тамыз айында отандастарымыздың неше күн демалыс алатынын есептеп көрдік.

Бұл айда тек бір мемлекеттік мереке аталып өтеді – 30 тамызда Конституция күні тойланады.

2024 жылы Конституция күні жұмаға түседі, сәйкесінше, бұл күн демалыс болып саналады.

Осылайша:

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 30, 31 тамыз және 1 қыркүйекте демалады. Жалпы, сенбі-жексенбі күндерін есепке алғанда (1 қыркүйекпен бірге) 11 күн демалады.

Алты күндік жұмыс кестесі бойынша еңбектенетіндер үшін 30 тамыз демалыс, 31 тамыз жұмыс күні, 1 қыркүйек демалыс болады. Жалпы, бұл айда 6 күн демалады.

Айта кетейік, бұл айда кәсіби және басқа да мерекелер бар.

Олар:

– 4 тамыз (тамыз айының бірінші жексенбісі) – Көлік қызметкерлері күні

– 10 тамыз – Абай күні

– 11 тамыз (тамыз айының екінші жексенбісі) – Құрылысшылар күні

– 18 тамыз – Шекарашылар күні

– 25 тамыз (тамыз айының соңғы жексенбісі) – Шахтерлер күні

– 29 тамыз – Семей ядролық полигонының жабылған күні

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<