Бастауыш ұйым жұмысымен танысып, құрылыс нысанын зерделеді

12

0

Фото: Аманат партиясы

Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Шиелі ауданына жұмыс сапары барысында партия филиалына қарасты 80 ге жуық мүшесі бар «Шиелі-Сұңқар» бастауыш партия ұйымының жұмысымен танысты.

Ұйым жұмысын көріп, мүшелерімен кездескен төраға бастауыш партия ұйымдары партияның тірегі екенін атап өтіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Мұнан соң төраға партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында құрылысы жүріп жатқан Иіркөл ауылдық округі, Жансейіт елді мекеніндегі 100 орындық білім нысанының құрылыс барысын зерделеді.

Айта кетейік, құрылыс жұмысы басталғалы нысанда партиялық бекеті ашылған болатын.

Филиал төрағасы ел игілігіне бағытталған жұмыстардың ең бірінші кезекте сапалы болуы қажеттігін айтып, бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы, құрылыс сапасы нысандар халыққа пайдалануға берілгенше «AMANAT» партиясының бақылауында болатындығын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<