Елдос Сметов жанашыр жанкүйеріне теледидар сыйлады (видео)

13

0

Фото: Видеодан скрин

Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған қазақ дзюдошысы жанкүйеріне теледидар сыйлады, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Қазнетте Елдос Сметовтың белдесуінде жан-тәнімен айқайлап, беріле қолдау көрсеткен ер адамның видеосы тарап кеткен.

Актер Біржан Чопбаев өзінің Instagram парақшасында Елдостың жанкүйеріне балуанның атынан техника дүкенінен теледидар сыйлаған видеосымен бөлісті.

Елдос Сметов жанкүйерімен видео байланыс арқылы шығып, алғысын білдірді.

«Алла разы болсын! Көріп отырып көзіме жас келді. Туған қанына жанкүйер болғандай әсер қалдырдыңыз», – деді Ғабит есімді жанкүйерімен телефон арқылы сөйлескен чемпион.

Белгілі болғандай Сәбит Қалыбеков есімді азамат Алматы облысы Талғар ауданында тұрады екен. Ал бүгін ол су жаңа Олимпиада чемпионы атанған Елдос Сметовтен сыйлыққа жаңа теледидар алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<