Қалада 74 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде

14

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласында халықты баспанамен қамту көрсеткіші артып келеді. Бұған себеп жыл сайын облыс орталығынан көпқабатты үйлердің көптеп бой көтеруі. Жалпы қалада 3 911 пәтерлі 74 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Оның 3 139 пәтерлі 58 тұрғын үйі бюджет есебінен, ал 772 пәтерлі 16 тұрғын үй жеке инвестициялар есебінен салынды. Қызылорда қаласының әкімі Серік Қожаниязов 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына қорытынды жасады.

– Жыл соңына дейін 7 қабатты 840 пәтерлі 10 үйдің жоба-сметалық құжаттары және сараптама қорытындысын алу күтілуде. Қалада жыл басынан бері 763 пәтер табысталса, 2 500 тұрғын жаңа баспанаға ие болды. Жыл аяғына дейін 1 685 пәтер пайдалануға беріледі. Шаһардағы баспана салу жайы әлі де жалғасатын болады. Жоспарға сәйкес алдағы уақытта тағы 84 пәтерлі жеті қабатты 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттары әзірленуде, – деді Серік Салауатұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<