ҰБТ-дан 1 балл жинаған Ерасыл Уәлиев Түркияның 10 университетінен шақырту алды

8

0

Фото: instagram.com/erasyl.ualievv

Биыл ҰБТ-дан 1 балл жинап, елді шулатқан Ерасыл Уәлиев Түркияның 10 университетінен шақырту алған. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

  • Özyeğin University: Жасанды интеллект
  • OSTİM: Авиация және ғарыш техникасы
  • Final University: Стоматология
  • Antalya Bilim University: Сәулет
  • World Peace University: Бағдарламалау
  • Domus University: Ойын дизайны
  • KOSTU: Бағдарламалау
  • Вeykent University: Актерлік шеберлік

Еске салайық, бұған дейін Ерасыл Уәлиев Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 1 балл жинағанын хабарлаған едік.

Кейінірек Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері Ерасыл Уәлиевтің екі рет – 12 және 30 маусымда Алматыда тестілеуден өткенін мәлімдеді.

«12 маусымда бұл тест тапсырушы 93 балл жинады, 30 маусымда ол 1 балл жинады, бірақ ол тестілеуден бар болғаны 4 минут өткенін атап өткен жөн», – деп түсіндірді тестілеу орталығы қызметкерлері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<