Төреғали Төреәлінің күйеу баласы келіншегіне ашулы: Дина Төреәліге белгісіз біреуден 1001 гүл келген

11

0

Фото: ашық дереккөз

Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәліге курьер арқылы белгісіз біреуден 1001 гүл келген. Бұл туралы Дина Төреәлі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Qandastar.kz. Күйеуі Ернар келіншегіне қатты ашуланып жүргенін салған видеодан көруге болады.

«Бүгін мынандай сұмдық жағдай болып жатыр. Курьер жеткізу қызметіненмін деп жазған соң алдын ала қыздарым шығар деп ойлап штатив қойып мәз болып жүргенмін… Отбасы бар адамға бұндай пранк жасап керек емес шығар. 1001 роза келгенде шок болдым. Кімнен деп ойлайсыздар?», – деп жазды ол парақшасында.

«Кеше сіздерді де, үйдегілерімді де шулатқан 1001 роза» – видео салған Дина. Құпия танысы сағат 12-де кездесуге шақырған. Тәуекелге бел буған Дина кездесуге құпия танысының жіберген қара мерседес көлігімен барғанын Instagram парақшасында салды. Артынша Дина Төреәлі кім екенін түсінгенін жазған. Ал көпшілікке 1001 гүл жіберген адамның кім екені әлі белгісіз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<