Қызылордада күйік шалған екі бала санавиация бортымен Алматыға жеткізілді

222

0

Фото: ашық дереккөз

Кеше Қызылорда облысында 75%-ға жуық күйік жарақатымен қатты күйіктен зардап шеккен, аса ауыр жағдайдағы екі бала шұғыл түрде Алматы қаласының Балалар және шұғыл медициналық көмек орталығына жеткізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің Facebook әлеуметтік парақшасында жариялады, деп хабарлайды syrboyi.kz.

– Пациенттердің жағдайы ауыр, барлық қажетті емдеу шаралары жүргізілуде, – делінген хабарламасында.

Айта кету керек, Қызылордада газ жарылуы салдарынан жеке тұрғын үй қирап қалған. Салдарынан төрт жасөспірім жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілген.

Оқиға 28 шілдеде сағат 19-дан 56 минут өткенде Қызылорда қаласының әл-Фараби шағын ауданында жеке тұрғын үйде болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<