Президент бастамаларын іске асыру – маңызды міндет

13

0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін ҚР Президентінің кеңесшісі Ернар Баспаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен облыста 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу жоспарланған. Биыл 6 900 орындық 10 мектеп, алдағы жылы 5 400 орындық 11 мектеп пайдалануға беріледі. Облыс әкімдігі оларға инфрақұрылым жеткізуге жергілікті бюджеттен 118,4 млн. теңге бөліп, жоба-сметалық құжаттары әзірленді, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Инфрақұрылым жүргізуге жергілікті бюджеттен 1,7 млрд. теңге бөлініп, қазір 10 мектептегі құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. Биыл құрылысы басталатын 11 мектептің жер телімдері белгіленіп, «Самұрық – Қазына Констракшн» акционерлік қоғамына наурыз айында табысталды.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бекітілген өңірлік іс-шаралар жоспары бойынша жалғасын табуда. Акция басталғалы бері санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Оған қатысушылар қоқыс қалдықтарын шығаруға, елді мекендердегі скверлер мен парктерді, тарихи-мәдени ескерткіштерді, әлеуметтік, өнеркәсіп және бизнес нысандар аумағын, өзен, көл, су айдындарын, субұрқақтар мен арықтарды, аулалар мен көшелерді тазартуға біркісідей жұмылды.

«Таза Қазақстан» онлайн платформасында операторлар, модераторлар мен орындаушылар тұрғындардан түскен өтініштерді уақытылы қарап, жауабын беруде. Республикалық және жергілікті БАҚ-тардағы, әлеуметтік желілердегі жарияланымдар да көпшілікті ортақ істің аясына бірігуге үндейді.

«Таза Қазақстан» телеграм-боты бойынша жауапты тұлғалар белгіленіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қала, аудан әкімдіктерінде де жауапты орындаушылар бар.

Телеграм-бот туралы ақпарат КСК, ОСИ, тұрғын үйлер мен квазимемлекеттік секторлардың, мекемелердің 12 мыңға жуық «Whatsapp», «Телеграм» чаттарына таратылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<