Саясат Нұрбек грант нәтижесінің қай уақытта жарияланатынын хабарлады

38

0

Фото: ашық дереккөз

2024-2025 оқу жылдарына арналған грант иелерінің тізімі ертең, 3 тамыз күні, сағат 11-де белгілі болады. Бұл туралы ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды Qandastar.kz.

«Құрметті, жас достар! Сіздерге жақсы хабарым бар! Бүгін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Грант иегерлерінің тізімі 3 тамызда жарияланады. Комиссия құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар, бiлiм саласы кәсiподақтарының, «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасының, жоғарғы оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды. Сапалы және қажырлы қызметі үшін комиссия мүшелеріне шексіз алғысымды білдіремін!, – деді ол.

Ары қарай талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындалатын болады.

Талапкерлердің басым бөлігінің таңдауы «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарындағы мамандықтарға түсті.

Конкурстық ірiктеудiң қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында 3 тамыз күні сағат 11.00-де жарияланады, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арнасы мен студенттерге арналған ақпараттық анықтамалық портал mapp.kz сайтында орналастырылады. Ал жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Қымбатты талапкер, үлкен өмір жолына бастар қадамдарыңыз сәтті болсын! Жоғары оқу орындарының қабырғасында кездескенше!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<