Париж-2024: Сәкен Бибосынов ежелгі қарсыласынан тағы ұтылды

14

0

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан ерлер арасында қазақстандық Сәкен Бибосынов ширек финалдағы жекпе-жегін өткізді.

51 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз ¼ финалда басты қарсыластарының бірі өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен қолғап түйістірді.

Нәтижесінде Сәкен Бибосынов ежелгі қарсыласы Дусматовтан тағы да ұтылып қалды.

Бибосынов пен Дусматов былтыр Азия ойындарының екінші айналымында бокстасып, Дусматов жеңіске жеткен еді.

Дусматов – Рио Олимпиадасының чемпионы, ал Бибосынов – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін 80 келі салмақта Нұрбек Оралбай ширек финалда әзербайжандық Мурад Аллахбердиевті ұтып, қазақ боксшыларынан бірінші болып жартылай финалға шықты. 

Назым Қызайбай кеше екінші жекпе-жегінде қарсыласын жарыс жолынан тайдырып, ширек  финалға шықса, Валентина Хальзова алғашқы айқасында қарсыласына жол берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<