Қызылорда облысының тұрғынынан 267 түп сора тәркіленді

14

0

Фото: Polisia.kz

Қызылорда облысының тұрғынынан 267 түп сора тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі өсірген аудан тұрғынын ұстады.

Жүргізілген жедел жұмыстар нәтижесінде күдіктінің ауласынан биіктігі 1,5-2 метр болатын 267 түп сора өсімдігі тәркіленді. Тәркіленген сораның жалпы салмағы – 248 келі 740 грамм. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 1 маусым мен 31 қазан аралығында республика көлемінде «Қарасора – 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<