«Жарысқа бара жатқан»: Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды, оның бесеуі бала

30

0

Фото: Видеодан скрин

Самара-Шымкент тасжолының 862-шақырымында жүк көлігі мен минивэн соқтығысып, салдарынан 8 адам көз жұмды. Олардың бесеуі бала. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Апат салдарынан Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі мен оның 7 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Оның бесеуі бала. Алдын ала мәлімет бойынша, балалар мен олардың ата-аналары басқа облыста өтетін футбол жарысына кетіп бара жатқан», – деп мәлімдеді Темір жол министрлігінің басқарма басшысы Айдос Құлжанов.

Көз жұмған балалардың 6, 7-сынып оқушылары екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Алғашында үш баланың өлімі туралы айтылған еді. Кейін Toyota Ipsum автокөлігін тағы екі баланың денесі шығарылды. Нәтижесінде апат салдарынан минивен жүргізушісі мен жеті жолаушы, оның ішінде бес бала қаза тапты.

«Алдын ала мәліметтерге сенсек, балалар ата-аналарымен бірге көрші облыста ұйымдастырылған жеке үйымның шақыртуымен өткелі тұрған жарысқа жолға шыққан. Бұл жарыс облыстық білім басқармасына, спорт басқармасына қарасты жарыстар кестесінде жоқ. Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Марқұмдардың отбасына, ата-аналарына облыс әкімдігінің атынан қайғыра көңіл айтамыз», – дейді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан.

Бұған дейін Алматыда полиция автобусы жеңіл көлікті қағып кеткен еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<