Көшеде күйеуінен таяқ жеген алматылық әйелді куәгерлер құтқарып қалды

15

0

Сурет: Zakon.kz

9 тамызда әлеуметтік желіде ер адамның әйелді ұрып-соққаны түсірілген видео тарады. Видеоны жақын маңда өтіп бара жатқан қыз түсіріп алған. Ол агрессорды тоқтатып, жәбірленушіні жіберуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кейінірек оқиғаның Алматыда болғаны белгілі болды.

Видеодағы өтіп бара жатқан адам ер адамды қорқытып, жан-жағындағыларды көмекке шақыра бастаған. 

«Алмалы аудандық полиция басқармасы ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Мас күйінде болған күдікті ұсталды. Сонымен қатар ол қоғамдық орында мас күйінде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды», – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz редакциясына.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<