«Сыр барысы» анықталды

19

0

Бейсенбі күні Қазақ күресінен XV облыстық «Алтын белбеу» жарысы өз мәресіне жетті.

Екі күнге созылған балуандар белдесуі жанкүйерлерге керемет көңіл-күй сыйлады. Бұған дейін аудандық бәсекелерде топ жарған балуандар облыстық сында аянып қалған жоқ.

Көрермендер әр салмақтағы белдесулерден кейін шешуші түйе балуандардың бәсекесін тамашалады. Бұл сында 12 спортшы арасынан Айбек Серікбаев ІІІ орын иеленіп, «Сыр сұңқары» атанды.

Ақтық сында Еламан Ерғалиев пен Мақсат Исағабылов белдесіп, жеңіс Еламанның еншісіне бұйырды. Осылайша, «Алтын белбеу» жарысының қорытындысымен 2024 жылдың «Сыр барысы» атағын Еламан Ерғалиев иеленді. Ал күміс жүлде иегері – Мақсат Исағабылов «Сыр арланы» деп танылды. Енді бұл екі балуан алда өтетін «Қазақстан барысы» додасында аймақ намысын қорғайтын болады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<