Құтқару пункттерінің оңтайлы қызметі

13

0

Еліміздегі апаттар медицинасы орталығы құрылған сәттен бастап табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында шұғыл медициналық-психологиялық көмек көрсету арқылы адам шығынын азайту бағытында жұмыс атқарып келеді.

2012 жылы республика автожолдарының авариялық-қауіпті учаскелерінде шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында 40 трассалық медициналық-құтқару пункті құрылды. Пункттерде кезекшілік тәуліктің кез келген уақытында жол-көлік оқиғаларының, өзге де табиғи және техногендік сипаттағы  төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде, сондай-ақ азаматтар өздері жүгінгенде шұғыл медициналық көмек көрсетіледі.

– Қызылорда облысында осындай 3 трассалық медициналық құтқару пункті ашылып, жұмыс атқаруда. Олар «Самара-Шымкент» тас жолының 1913 шақырымында, «Бәйгеқұм» елді мекенінің тұсында, «Самара-Шымкент» тас жолының 1662 шақырымында, «Иіркөл» елді мекенінің тұсында, сонымен қатар 1472 шақырымында, Әйтеке би елді мекенінің тұсында орналасқан. Бұл тәжірбие оң нәтиже беріп отыр. Пункттерде өткен жылдан бастап 24 сағаттық ауысым ұзақтығымен ауысымдық жұмыс режимі белгіленді, – дейді филиалдың бөлім басшысы Нұрбол Сауытбаев.

Арнайы бригадалар осы жылдың 7 айында төтенше жағдай орындарына 189 рет шұғыл жетіп, тиісті көмек көрсеткен.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<