Абай – дана, Абай – дара қазақта!

14

0

Жаңақорған кентіндегі А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор Абай Құнанбайұлының 179 жылдығына арналған «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Шара кітапхана фойесінде ұйымдастырылған «Абайды оқы, таңырқа!» атты кітап көрмесімен басталды. Кітапхана директоры Әсем Манапқызы жүргізген шарада руханият жанашыры, ұстаз Батырхан Жоланов, «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Баян Үсейнова Абай шығармалары жөнінде кеңінен әңгіме өрбітті. Сондай-ақ кітапхана оқырманы Абдулазиз Саяуышұлы ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың Абай шығармалары жөнінде жазған зерттеулерінен хабарлама жасады. Жастар жетекшісі Наурызбай Орынбасаров та өз ойын ортаға салды.

Шарада мектеп оқушылар дайындаған Ұлы Абайдың өмір жолы мен еңбектері, өлеңдері мен қара сөздері тыңдарман назарына ұсынылып, Абай Құнанбайұлының әндері орындалды.

Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ.

Жаңақорған ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<