Апаттар медицинасы орталығы – азаматтардың саулығын қорғауда

15

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

«Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің негізгі мақсаты – күнделікті ақпарат алып, облыс көлемінде төтенше жағдай кезінде халыққа жедел медициналық көмектің көрсетілуін қадағалау. Төтенше жағдай туралы ақпараттарды Денсаулық сақтау басқармасына, Төтенше жағдай департаментінің «Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқармасына», Республикалық «Апаттар медицинасы орталығына» жедел беріп отырады. Биыл бұл орталықтың құрылғанына – 30 жыл. Осы жылдар аралығында ел-жұртпен етене байланыс жасап, қиналғанға көмек көрсетті. Мереке қарсаңында ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы филиалының бөлім басшысы Нұрбол Сауытбаев орталықтың атқарған жұмыстарын мәлімдеп берді.

Кезекшілік тәуліктің кез келген уақытында жол көлік оқиғаларының және өзге де табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларын жою кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету, сондай-ақ ТМҚП-ға азаматтардың өздері жүгінген кезде шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Қызылорда облысында осындай 3 трассалық медициналық құтқару пункттері ашылып жұмыс жасауда.
«Самара-Шымкент» тас жолының 1913 шақырымында Бәйгеқұм елді мекенінің тұсынан,
«Самара-Шымкент» тас жолының 1662 шақырымында Иіркөл елді мекенінің тұсынан, сондай-ақ, Әйтеке би елді мекенінің тұсынан «Әйтеке би» трассалық медициналық құтқару пунктері жұмыс жасап, оң нәтиже беруде. Осындай ізгі істердің ізінде жүрген әріптестерімді айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын,- деді Нұрбол Базарбайұлы.

Қызылорда облысының

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<