Қазақстанда оқушылардың мектеп формасын өзгертуді талап еткен петиция жарияланды

23

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда оқушылардың мектеп формасына қатысты петиция жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Петиция epitition.kz порталында жарияланған. Петиция авторы жоғары сынып оқушыларының мектеп формасына қойылатын талаптарды қайта қарауды сұрайды. 

Ұсыныста оқушы қыздардың белдемшелерінің ұзындығына тізеден төмен болуы және сыртқы киімдерінің мойын сызығын жауып тұруы керек екені айтылған. 

Петиция авторы елімізде міндетті мектеп формасын сақтау мәселелері үнемі талқыланып жатқанын, «мемлекеттің зайырлы негіздерін, Қазақстандағы ұлттық бірегейлікті, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында» кейбір ережелерді қайта қарау қажеттігін айтады.

«Елімізде заңнамалық деңгейде діни сенімдерді жоққа шығаратын міндетті мектеп формасы белгіленген. Дегенмен, қоғамда діни рәміздері бар киімді киюге жол бермеу бөлігінде мектеп формасын сақтау міндеттілігі заң деңгейінде бекітілмеген, тек заңға тәуелді актілерге ғана қатысты деген жалған ақпараттар мен тұспалдаулар жиі кездеседі. Осыған орай, келешекте мұндай айла-шарғыларды жою үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды Заң мәтініне тікелей енгізу ұсынылады», – делінген петиция мәтінінде.

Петиция 13 тамыз күні жарияланған. Әзірге петицияға 50-ге жуық қол жиналған.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтардың балаларды мектепке дайындау үшін қанша қаржы жұмсайтыны туралы жазған едік. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<