Құрылысшыларға құрмет

152

0

Фото: Шиелі ауданының әкімдігі

Шиелі ауданы әкімінің міндетін атқарушы Алмат Алдабергеновтің қатысуымен Құрылысшылар күні кәсіби мерекесіне орай аудандағы құрылыс саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне құрмет көрсету мақсатында мерекелік кеш өтті.

Алмат Әбдуәзизұлы құрыш қолды құрылысшыларды төл мерекемен құттықтап, Шиелі ауданының осы салада жеткен жетістіктеріне мереке иелерінің үлесі зор екендігін жеткізді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтай жиынында «Әділетті Қазақстанда еңбекқор адам ең сыйлы адам болуы тиіс. Маңдай термен тапқан әр тиын – нағыз ардың ісі» екенін айтты. Ал, адал еңбек етуді алтын қағидатына айналдырған құрылысшылар қауымын бағалап, лайықты құрмет көрсету – біздің міндетіміз. Біздің Шиелі өңірі де жылдан-жылға көркейіп, аталмыш сала қарқынды дамып, кең қанат жайып келеді. Әсіресе, сан түрлі салада құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандар жетерлік. Осы жұмыстардың барлығы да құрылыс саласында еңбек етіп жүрген аудан азаматтарының тынымсыз еңбегінің арқасында іске асуда. Құрылысшылар күні мерекесі қарсаңында барша аудан құрылысшылары мен ардагерлерін құттықтай отырып, туған жерімізді көркейтіп-көріктендірудегі игі істеріміз әрдайым жемісті, нәтижелі болсын деп тілеймін», – деді Алмат Әбдуәзизұлы.

Мұнан соң, шара мараппатау кезеңіне ұласып, құрылыс саласының ардагерлері мен бүгінде осы саланы өрге сүйреп жүрген бірқатар азаматтар марапатталды. Сонымен қатар, құрылыс саласының ардагерлері Ғани Есімов және Насыр Мырзабековке Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<