Данияр Елеусінов шаршы алаңға қайта оралады

64

0

Фото: ашық дереккөз

All Stars Boxing компаниясының баспасөз қызметі танымал қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің кезекті жекпе-жегін жариялады. Бұл туралы Sports.kz сайты мәлімдеді.

– Қазақстандық боксшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы және Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов All Stars Boxing кешінің басты жекпе-жегінде қолғап түйістіреді, – деп хабарлады компаниядан.

Турнир 28 қыркүйекте Алматыдағы «Алматы Аренада» өтеді.

Еске сала кетейік, Елеусінов кәсіпқой рингтегі соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың желтоқсан айында Астанада аргентиналық Хуан Эрнан Леалға қарсы өткізіп, төрешілер бірауыздан Даниярға басымдық беріп, IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы титулды жеңіп алған болатын. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<