Полиция қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты

46

0

Қармақшы аудандық сотында ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 366-бабы 1-1-бөлігі бойынша полиция қызметкері Қ.-ға және 366-бабы 1-1-бөлігі Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушылар Қ. мен Н. «О» шаруа қожалығының аумағында Өзбекстан Республикасы азаматтарының жұмыс жасап жатқанын көріп, соңғыда еңбек мигранттарына жалпы қамқорлығы мен жол берушілігі үшін шаруа қожалығының төрағасының көмекшісінен заңсыз сыйақы алу ниеті туындаған.

Осылайша, Н. 200 дана пресстелген жоңышқа шөбін пара ретінде алса, Қ. пара алуға көмектескені үшін 200 дана пресстелген жоңышқа шөбін өз үлесі ретінде алып, салдарынан жәбірленуші А.-ға 160 000 теңге мүліктік шығын келтірілген.

Осылайша, Н. құқық қорғау органының қызметкері бола тұра, пара берушінің пайдасына жасалған қамқорлығы үшін пара алса, Қ. құқық қорғау органының қызметкері бола тұра, қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына жәрдемдесіп, құқық қорғау органының қызметкерінің пара алуына көмектескен.

Сот үкімімен Н. ҚР ҚК-нің 366-бабы 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылып, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 Қ. ҚР ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі, 366-бабы 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылып, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып,  2  жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар,  Н. полиция подполковнигі шенінен және Қ,. полиция майоры шенінен айырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<