Импорттық жүктерді тексеру

29

0

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор импорттық жүктерге фитосанитарлық бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізу барысында карантинге жатқызылған өнімді иеленушілерге Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаларды түсіндіре отырып, әкелінген өніммен бірге тасымалдануы тиіс құжатын (фитосанитарлық сертификат) тексереді. Фитосанитарлық сертификатта қандай жүктер келді, шыққан жері, құжат мерзімі, орны, салмағы, залалсыздандыру жүргізілгені туралы ақпараттардың растығы анықталады.

Құжаттармен танысқаннан кейін карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитарлық талаптарға сәйкестігі тексеріліп, сыртқы бақылау жүргізіледі. Егер жүкте тірі зиянкестер табылған жағдайда олардың таралуынан сақтану үшін қоймаларға уақытша түсіріп, сол жерде карантиндік үлгілер алынып, зертханаға жолданады.

Бұл ретте импорттық жүктерді сақтықпен тексеру маңызды, себебі оның ішінде карантинге жатқызылған, бірақ Қазақстан Республикасының аумағында жоқ өте қауіпті түрлер болуы мүмкін. Әлбетте, олар біздің елге тасымалданбауы тиіс.

Жалпы, импорттық карантинге жатқызылған өнімдерге фитосанитарлық бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізу барысында өнімнің фитосанитарлық сертификаты дұрыс рәсімделген және жүкті тексеру барысында карантинге жатқызылған өнімнен карантиндік нысандар анықталмаса, жүк иесіне карантиндік бақылау және қадағалау актісі толтырылады. Әрі қарай мақсатына сәйкес қолдануға рұқсат етіледі.

Е.АБИШЕВА,

«ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясы» ММ-нің бас маман-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<