Апта ағымында

39

0

Фото: ашық дереккөз

Партия филиалының төрағасы әскери ант қабылдау рәсіміне қатысты

«AMANAT» партиясының «QAISAR» партиялық жобасында жастардың бойында отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери патриоттық рухты қалыптастыру негізгі міндеттердің бірі ретінде қамтылған.
Осы мақсатта партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Қорқыт ата университетінің әскери кафедрасының бірітуші түлектерінің әскери ант қабылду рәсіміне қатысып, әскери атақ алған жастардың болашақта отанымыздың қорғаны болып, ел үшін адал қызмет етуге шақырды.

«Қарызсыз қоғам»: колледж оқытушылары мен білім бөлімі мамандары үшін оқу курсы басталды

«AMANAT» партиясы биыл қаржылық сауаттылық негізін мектеп қабырғасынан бастап оқыту жоспарланып отыр. Ол үшін мұғалімдерді қаржылық сауаттылықты оқыту дағдыларына үйретіліп, ел бойынша барлығы 7500 мектеп, колледж және университет мұғалімдері оқытылады және оқу бағдарламасына жаңа пән енгізілмек.
Жұмыс аптасында жоба аясында білім алуды бастаған колледж оқытушылармен партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, қала және аудандық білім бөлімдері мамандарымен партия филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова арнайы кездесіп, ел болашағы жастарға сапалы білім беруде ұйымдастырылып отырған оқу курсын табысты аяқтауға сәттілік тіледі.
«Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы аясында өңірде 28 колледж бен 270 мектеп мұғалімдері оқытылатын болады. 5 күндік оқу курсын тәмәмдаған оқытушылар 1 қыркүйектен бастап колледждер студенттері мен мектеп оқушыларын оқытуды бастайды. Сонымен бірге облыстағы 3 жоғарғы оқу орындары өкілдері 26-28 тамыз күндері Шымкент қаласында өтетін курстарға қатысып, жаңа оқу жылынан бастап өз оқу орындарында студенттерге білім беретін болады.

Белсенді жастар марапат төрінен көрінді

Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов 12 тамыз – Халықаралық Жастар күні мерекесіне орай «Bir Tolqynda» диалог алаңына қатысып, түрлі салада белсенді қызмет жасап жүрген жастармен кездесті.
Кездесуде филиал төрағасы елімізде мемлекет және партия тарапынан жастарды қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар төңірегінде жеткізді. Сондай-ақ, әрбір салада замандастарына үлгі болып жүрген белсенді жастарды Алғыс хатпен марапаттады.

«Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру курсының кезекті оқу аптасы аяқталды

«Қарсызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыру курсының кезекті оқу аптасын аяқтаған азаматарға сертификаттар табысталды. Жобасы аясындағы оқу семинары апта барысында Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен Қармақшы, Шиелі және Жаңақорған аудандарында өтіп, 380 азамат қаржылық сауаттылығын арттырды.

Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары мен оқушылар қауіпсіздігі бірлескен отырыста талқыланды

Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановтың қатысуымен «Білім және Денсаулық сақтау мәселелері» жөніндегі аймақтық кеңесі мен Партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өтті.
Онда жаңа оқу жылына дайындық, білім беру сапасын жақсарту шаралары, балалардың жазғы демалысын, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру мен сауықтыру мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар, сонымен қатар облыс орталығындағы №3 ІТ мектеп–лицейінің оқушылар қауіпсіздігі бойынша атқарылған жұмыстары талқыланды.

Жастарға арналған әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуы қаралды

Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысына партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, жастарды қолдау бойынша кеңестің мүшелері, жауапты сала мамандары, «Жастар Рухы» ЖҚ оқу орны бөлімшелерінің жетекшілері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Онда жастарға арналған әлеуметтік жобалардың өңірде жүзеге асырылуы және «ZHAZ PROJECT» – әлеуметтік жобалар және бизнес-идеяларды қаржыландыру жобасы бойынша жеңімпаздары мен шағын грант иегерлерінің жүзеге асыратын жобалары кеңінен талқыланды.

Фракция отырысы өтті

Апта барысында облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының отырысы өтіп, онда Сайлауалды бағдарламаның орындалуы, партиялық жобалар мен акцияларды белсенді жүзеге асыру, аймақта қоғамдық – саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мен фракция мүшелерінің алдағы мақсат-міндеттері талқыланды.
Алқалы жиынға партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, партия филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова қатысты.

«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тақырыптық қабылдау ұйымдастырылды

«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері (оқу жылына дайындық, АӘК, алимент өндіру, денсаулық сақтау және өзге де мәселелер бойынша) облыстағы бірқатар уәкілетті органдар өкілдерімен және заңгерлік, адвокаттық, медиаторлық қызметтер бойынша тиісті мамандармен тақырыптық қабылдау өтті. Шараға партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар алимент өндіру, бұрыңғы ерлі-зайыптылар арасындағы несиені ортақ деп танудың жолдары, медициналық қызметтің сапасы, мектепке қабылдау жолдары және балаларды мектепке қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету жөнінде өтініштер білдірді.

Жол сапасына партиялық бақылау жасалды

Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, Партияның облыстық, қалалық филиалдары жанындағы Партиялық бақылау комиссияларының төрағалары Нұркен Бақытбекұлы мен Мейрамбек Есжанов, облыстық, қалалық мәслихаттардағы депутаттық фракция мүшелері партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында Қызылорда қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи және Жаппасбай батыр көшесіндегі қайта жаңғырту жұмыстарымен танысып, жолдың сапасына бақылау жасады.
Жалпы екі нысанда да жұмыс сапасы көңілге қонымды. Қаржы, материал жағынан кедергі жоқ. Жұмыс күші, техника жеткілікті. Жұмысшылардың айлық жалақысы барлығы уақытылы төленуде.

«Кедергісіз келешек»: инклюзивті білім беруді дамыту партия назарында

«Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов партия филиалы жанындағы «Отбасы және халықты әлуметтік қорғау» кеңесі мен партияның қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мүшелерімен бірге қаладағы бірқатар инклюзивті білім беретін мектептердің жұмысымен танысты.
Жалпы Қызылорда қаласы бойынша ерекше білім беруді қажет ететін 3661 бала бар. Олардың 2080-і ерекше біліммен қамтамасыз етілген. Атап айтсақ, 731 бала мектеп қабырғасында, 634 бала үйден оқытылса, мектепке дейінгі білім берумен 715 бала қамтылып отыр.

Кестеге сай қоғамдық қабылдаулар өтті

Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалы алаңында Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары Мақсұт Нәлібаев, партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов пен партия филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова кестеге сай қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштерін тыңдады. Қабылдаулар барысында тұрғындардан 26 өтініш түсіп, олардың 16 оң шешілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<