Тұрғындармен жеке қабылдау өткізді

19

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек қабылдауға жазылған азаматтарды кезектілік тәртібімен қабылдап, тұрғындардың көкейіндегі мәселелерді, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй алу мен тұрғын үй кезегіне тұру, жұмысқа орналасу, жайылымдық жерлерді суландыр және жол мәселелерін көтерді.

Аудан басшысы азаматтардың талап-тілектерін тыңдай келе әрбір тұрғынның мәселесі өз бақылауында болатынын жеткізді.Сондай ақ, көтерілген мәселелер бойынша сала басшыларына Заң аясында тиісті шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, аудан тұрғындары әкімнің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш жазу арқылы кіре алатындығын хабарлаймыз.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<