Қызылордада баласына вакцина салғызбайтын ата-аналар көбейіп келеді

31

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысында балалардың жұқпалы ауруларына қарсы екпені қабылдаудан бас тартатын ата-аналар саны көбейіп барады.

Биыл облыста жұқпалы аурулар белең алып отыр. Мәселен, былтыр көкжөтел мүлдем тіркелмесе, биыл 116 жағдайы анықталды.

«Оған азаматтардың инфекцияға қарсы екпе алмауы басты себеп болып отыр. Көкжөтелмен сырқаттанған балалардың 80-90 пайызы вакцина алмаған. Рас, көкжөтел аса бір қауіпті түрі саналмайды, Дегенмен балаларда өте ауыр жағдайда өтеді. Жөтелгенде бала тыныс ала алмай, тұншығып қалады. Бұл мәселеге немқұрайдылық танытуға болмайды. Оған қоса гепатиттің А түрі де бала денсаулығы үшін қауіпті. Сондықтан да ата-аналардан дәлелсіз ақпараттарға сенбеуін сұраймыз», – дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мая Мирзанованың айтуынша, тұрғындар арасында екпеге қарсылық жағдайлар кейінгі кезде жиі тіркеледі.

«Облыс бойынша қызылшаға қарсы екпеге 1600-ден астам баланың ата-анасы қарсылық білдірген. Оның ішінде 600-і Қызылорда қаласында тұрады», – дейді Мая Мирзанова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<