Мен әлі-ақ жарқ етемін – дзюдошы Әбиба Әбужақынова

15

0

Фото: ашық дереккөз

Париж Олимпиадасынан Атырауға оралған Әбиби Әбужақынова өзіне қолдау білдірген жанашырларына алғысын білдірді.

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова қолдау көрсеткендерге ризашылығын білдіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. 

«Жығылғанда жанымнан табылған жанашырлар, бәріңізге рахмет. Атырау облысы әкімі Серік Жамбылұлы мырзаға, Infinity mall компаниясына, атыраулық жанашыр-жанкүйерлеріме көп рахмет айтамын!», – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Дзюдошы үшін бапкері Мейіржан Есмағамбетовтің орны ерекше екенін атап өтті. 

«Бапкерім спорт мансабымда өзіңіздің орныңыз ерекше. Жеңісте де, жеңілісте де қасымнан табылып, мені бар құрметке лайық көргеніңізге рахмет! Осындай қолдаудан кейін менің сынуға, жеңілуге, налуға және күреспеуге құқығым жоқ деп ойлаймын! Мен әлі-ақ жарқ етемін», -деді Әбиба Әбужақынова. 

Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулықтар Париж Олимпиадасынан оралған Әбиба мен Эсмигүлге көлік сыйлағанын хабарлаған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<