«Қуанышымды көрмей кетті»: Анна Данченко марқұм әкесін есіне алды

11

0

Фото: ашық дереккөз

Отандық танымал тележүргізуші Анна Данченко марқұм әкесін есіне алып, желіде жан сырын ақтарды. БАҚ өкілі бүгінде қызын ұзатып жүрген әкелерге қатты қызығатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анна Данченко әкесіне деген сағынышын Instagram-дағы парақшасында жеткізген. БАҚ өкілі әкесіз өмірі қиындап кеткенін айтты.

«Әкемсіз өткен екі жыл. 15 тамызды жақсы көрмеймін. Бүгін үйде болдым. Әкесіз қандай қиын. Орны бөлек. Әкем туралы сөйлесіп отыр едік, жаңбыр жауып кетті. Ол бізді естіді. Оқыған құранымыз қабыл болсын. Жаны жәннатта болуын тілейміз. Қыз ұзатып жатқан әкелерге қатты қызығамын. Папам менің қуанышымды көрмей кетті. Анамның өмір жасы ұзақ болып, менің балаларымды бағу бақыты бұйырсын. Қатты сағындым», – деген жазба қалдырды тележүргізуші.

Сонымен қатар журналист мұрағаттық отбасылық видеоларды жариялады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<