Жосалы кенті «Үлгілі аудан орталығы» атанды

13

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Бүгін Сырдария ауданында өткен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – ауылды дамытудың негізі» республикалық семинары барысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Үлгілі елді мекен» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Іс-шараға Сыр өңіріне арнайы келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Парламент Сенатының, Мәжілісінің депутаттары, ведомство басшылары, барлық облыс әкімінің орынбасарлары, ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары және ірі шаруашылық құрылымдарының төрағалары қатысты.

Аймақ басшысы ауылды дамыту мемлекеттік саясаттың аса маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі екенін атап өтті.

«Үлгілі аудан» номинациясы бойынша Қармақшы ауданы, Жосалы кенті бірінші орын алды. Мұнан бөлек, «Үлгілі елді мекен» номинациясы бойынша тірек және серіктес елді мекендер санатына кірмейтін үлгілі Қармақшы ауданы Қармақшы ауылына абаттандыру жобаларын қаржыландыруға 15 млн. теңгенің сертификаттары берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<