«Бапкерімнің үйдегі көшірмесі сияқты»: Демеу Жадыраев жұбайы туралы айтты

36

0

Фото: ашық дереккөз

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев жұбайы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport+ Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жауапкершілігі өте жоғары қыз болды. Сүйкімді болды. Сол себептен өзіне ғашық қылды. Осылайша шаңырақ көтердік, қазіргі уақытта бірге тұрып жатырмыз. Қиын сәтте қолдау білдіреді, мықты мотивация береді. Тура ағайыммен (бапкеріммен) салыстырамын. Кейде ағайымның кейбір сөздерін айтып қалады. Бұл нәрсені өзіне де айтамын. Кейбіреуін айтамын, кейбіреуін айтпаймын. Жұбайым өз-өзіме деген сенімділігімді арттырды десем де болады. Қандай жылы сөздер бар болса, соның бәрін айтамыз. Қолдан келгенше еркелетуге тырысамыз. Осының алдында дұрыс көңіл бөле алмай жүрдік. Енді қазір дұрыстап көңіл бөлеміз. Ол да түсінеді, біледі. Оқу-жаттығу жиынына кеткенде, мазаламайды. Айлап үйде болмаймын, соған көнеді. Керісінше жұбайым: «Ештеңе ойлама, алаңдама, жаттығуыңды жаса», – деп сенім білдіреді. Ағайымның үйдегі көшірмесі сияқты», – деді Демеу Жадыраев.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен 77 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық балуан Демеу Жадыраев күміс медаль еншіледі. Ол ақтық сында жапон спортшысы Нао Кусакаға есе жіберген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<