«4 айдан кейін 17 жасқа толады»: Абай Бегей қызының құдалығына қатыспады

117

0

Фото: ашық дереккөз

Қызын ұзатып, су жаңа құда атанған Абай Бегей қызының құдалығына қатыспай қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесінің екінші қызын алып қашып кетіп, кейін әнші қайтарып әкелген еді. 

“Әртүрлі әңгімелер болып жатқанын байқап отырмын. Тілектеріңізге, көңілдеріңізге рақмет!”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары қыздың әлі 18 жасқа толмағанын жарыса жазып жатыр. Алайда әншінің блогер қызы Гүлеркем Ниязқұлова халыққа үндеу жасады. 

“Бүкіл ел Сымбаттың жасын талқылап жатыр екен. Ол 4 айдан кейін 17 жасқа толады. Елде басқа мәселе қалмаған ба?! Жастарға бақыт тілеңіздер! Сымбатымыз “Сырғалым” атанып, ақ келін болып жатыр”, – деп жазды блогер қыз. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<