Өңірде «Мектепке жол» акциясы жалғасуда

20

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазір еліміз бойынша дәстүрлі “Мектепке жол” акциясы жүріп жатыр. Бұл науқан 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жалғасады. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. Қазіргі таңда көмекке мұқтаж отбасыдан шыққан мемлекеттік мектептердегі 36 652 бала есепке алынды. Мемлекеттік мектептердегі бір балаға бір реттік қаржылай көмек мөлшері 43407 теңгені құрайды. Бүгінгі күнге есепке алынған отбасы балаларының 98,6 пайызы қаржылай көмекпен қамтылды. Бұл туралы облыстық білім басқармасы Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген ақпаратында айтты.

Жалпыға бірдей білім беру қоры аясындақаржылай және материалдық көмек ата-ана қамқорлығынан айырылған, жетім балалар мен жан басына шаққанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз және әлеуметтік көмекке құқылы отбасыларға беріледі. Сондай-ақ, төтенше жағдай салдарынан жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар қаржылай көмек ала алады. Акция аясында әлеуметтік осал топ отбасы балаларын анықтау мақсатында рейд шаралары ұйымдастырылады. Рейд қорытындысымен анықталған көмекке мұқтаж отбасы балаларын демеушілер тарапынан көмек көрсету мүмкіндігі қарастырылуда. Қызылорда облыстық білім басқармасы өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға бей-жай қарамайтын, жүрегі кең азаматтардың аталған акцияға белсенді қатысуға шақырады.

Қызылорда облысының

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<