Күзде жауын-шашын аз түседі

55

0

Синоптиктер алдағы күз айында күн райы қалай болатынын жариялады. Соған қарағанда жауын-шашын әдеттегіден аздау түсетін тәрізді.

– Қыркүйекте орташа ауа температурасы +18,9, +21,3°С болады деп күтіп отырмыз. Бұл нормадан 1°С-қа жоғары. Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде +16,+21°С-тан +11,+16°С-қа дейін, облыстың солтүстігінде +6°С, күндіз +35+40°С-тан +30+35°С-қа дейін, облыстың солтүстігінде +25°С-қа дейін төмендейді. Екінші онкүндіктің басында түнде +4+9°С-қа дейін, күндіз +20+25°С-қа дейін, облыстың солтүстігінде +16°С-қа дейін және одан әрі суи түседі. Онкүндіктің соңына қарай ауа температурасы тағы да түседі, – дейді «Қазгидромет» РМК Қызылорда филиалының инженер-синоптигі Мағжан Сәдуақасов.

Мамандардың болжамына сүйенсек, қыркүйекте жауын-шашынның айлық мөлшері нормадан аз болады және бұл күздің қалған айларында да жалғасады. Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндіктерінің басында жаңбыр, найзағай күтіледі. Бірінші онкүндіктің ортасында шаңды дауыл болуы мүмкін. Желдің бағыты секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

«Сб» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<