«Орындалмаған арман»: Анна Данченко өміріндегі өкініші туралы жан сырын ақтарды

60

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық танымал журналист Анна Данченко желіде әсерлі жазба жариялап, өмірдегі үлкен өкініші туралы айтты. Тележүргізуші бір арманын орындай алмағанына қатты қапалы екенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анна Данченко орындалмай қалған арманы туралы Instagram-дағы парақшасында айтты. БАҚ өкілі ата-анасына дүркіретіп той жасап үлгермегеніне өкінетінін жеткізді. Ол бүгінде ата-анасының мерейтойын атап өтіп жатқан жандарға қатты қызығатынын жасырмады.

«Кеше үлкен қуаныштың куәсі болдым. Той иелерінің қалауы бойынша, әкелері Мұхай ағаның 75 жас мерейтойы мен аналары Майра апай екеуінің отасқандарының 55 жылын атап, дүбірлі той жүргіздік. Қандай тамаша көрініс десеңізші! Ұл-қыздары, немере-шөберелері ортаға гүл шоқтарымен шыққан кезде көзге еріксіз жас келді, себебі бұндай бақыт екінің біріне бұйырмайды. Бұл күнге жеткен де бар, жетпеген де. Шыны керек, мен де дәл сондай тойды ата-анама жасап бергім келген еді. Былтыр әкем мен анамның шаңырақ көтергендеріне 50 жыл болды. Бірақ жанымызда әкеміз жоқ. 50 жыл деген – алтын той, жарты ғасыр. Екі адамның бас қосып, қуанышты да, қайғыны да бөлісіп, өмірдің түрлі сынақтарына мойымай, шыдап, төзіп, отбасын сақтап қалып, бала-шағаға тәрбие беріп, оқытып, көпке үлгі болып – үлкен жауапкершілік, үлкен бақыт», – деп жазды Анна Данченко.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<