Бірқатар тапсырма берді

14

0

Фото: Сырдария ауданының әкімдігі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілістен соң аудан әкімі Берік Сәрменбаев алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына қатысты нақты тапсырмалар берді. Мәжіліс басында аудан басшысы Жетікөл ауылдық округі әкімі қызметіне сайланған Токпамбетов Өмірбек Ділдахметұлы және Қоғалыкөл ауылдық округі әкімі қызметіне сайланған Рахымбеков Бақытжан Жұмабекұлын таныстырып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Аудан басшысы жылу маусымында ауданда мәселе болмауы керектігін атап өтті. Барлық әлеуметтік нысандарға қажетті қатты және сұйық отын қоры жеткізіліп, жетіспеушілік туындамау қажеттілігін ескертті. Сондай-ақ, жылыту қазандықтарының дайын болуын назарға салды.

Айта кетейік, бүгінде Тереңөзек кентіндегі №131 орта мектеп ғимаратының жылыту қазандығы газ отынына қайта жабдықталуда. Мәжіліс барысында аудан әкімі дайындық барысында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертіп, тапсырмалар жүктеді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<