Шри-Ланка қазақстандықтар үшін визасыз режим енгізді

71

0

Фото: ашық дереккөз

Шри-Ланка Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізбек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DailyMirror сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Министрлер кабинеті 1 қазаннан бастап 35 елге Шри-Ланкаға визасыз кіруге рұқсат беру туралы шешім қабылдады», – деді Шри-Ланка туризм министрлігінің кеңесшісі Харин Фернандо.

Бұл елдердің тізіміне Қазақстан, Германия, Нидерланды, Австралия, Үндістан, Қытай, Жапония, Ресей және тағы басқа кіреді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<