Жылу беру маусымына дайындық жүйелі

218

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгінде облыста жылу беру маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті. Әсіресе, тіршілікті қамтамасыз етуші кәсіпорындар мен әлеуметтік маңызы бар нысандардың дайындығы қатаң бақылауда. Облыстағы 1 067 әлеуметтік нысанның 90 пайызы жылу беру маусымына сақадай сай.

Ал, жылу желілерін жаңғырту бойынша жүзеге асырылып жатқан 6 жоба қыркүйек айының ортасына дейін аяқталатын болады. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тахир Нәдірбек пен «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК директорының орынбасары Наурыз Сатханов мәлімдеді.

– Бүгінде жылу желілерін жаңғырту бойынша 9,5 шақырым жылу желісінің 5,7 шақырымына жөндеу жүргізіліп, жұмыс 60 пайызға орындалды. Одан бөлек, биыл өңірдегі 741 шақырым электр желілері мен 127 дана қосалқы станцияға күрделі жөндеу жұмыстары мен 45 шақырым электр желісі және 48 дана трансформаторды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жалпы облыс бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 888 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның ішінде Қызылорда қаласында 808 тұрғын үй, Қазалы ауданында 80 тұрғын үй. Қазіргі таңда 17 жоба бойынша 186 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық сумен жабдықтау желілерін салу үшін тиісті қаржы бөлінді. Жоба бойынша қаламыздағы оңтүстік қазандық пен автономдық қазандықтар арқылы жылытатын үйлер, яғни қаланың оңтүстік және орталық бөліктері, Шұғыла, Сырдария, Сол жағалау м/а және Тәуелсіздік, Бейбарыс көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су жүйесі жүргізілуде. Орталықтандырылған ыстық сумен қамту арқылы жыл бойы электр қуатының жүктемесі төмендеп, электр энергиясына кететін шығып азаяды және өжірелердің барлық инженерлік желілері жаңаланатын болады,- деді Тахир Қуанышбекұлы.

– Қызылорда жылу электр орталығының оңтүстік қазандықтың «Боно энерджи» маркалы үш бу қазандығын жаңғыртуға бюджеттен тиісті қаражат бөлінді. Қазіргі таңда мердігер мекеме анықталып, қажетті құрал-жабдықтарға тапсырыс берілді. Қызылорда жылу электр орталығында алдағы жылу беру маусымына қарқынды түрде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, орталықтың №3 газотурбиналық қондырғысы мен генераторы Ресейдің Тамбов қаласындағы зауытта жөндеуден өтуде. Одан басқа, №1 газотурбиналық қондырғының генераторына, 11 қазандықтарға күрделі жөндеу, 1 турбина мен 15 қазандыққа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстар 85 пайызға орындалды,- деді Наурыз Асанханұлы.

Қызылорда облысының

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<