Алматыда коронавирус жұқтырғандардың 30 пайызы — қариялар

136

0

Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, мегаполисте коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Соңғы жеті күнде, яғни 16-22 тамыз аралығында КВИ 6 жағдайы тіркелсе, ал алдыңғы 7 күнде 4 КВИ жағдайы тіркелген.

— 2024 жылдың қаңтар айынан бастап 22 тамызға дейін қала тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның зертханалық расталған 296 жағдайы тіркелді. оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында– 31 жағдай, жасөспірімдер арасында — 6 жағдай, ересектер арасында — 259 жағдай, — деді Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

СЭБД мәліметінше, жыл басынан бері коронавирус жұқтырғандардың 7,1% — 1 жасқа дейінгі балалар (21), 10,5% — 14 жасқа дейінгі балалар (31), 4,1% — 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер (12), сондай-ақ 38,5% — 20-39 жастағы азаматтар (114), 16,5% — 40-59 жастағы азаматтар (49) және 30,4% — 60 жас және одан жоғары жастағы зейнеткерлер (90).

— Коронавирусқа қарсы профилактикалық шаралар тұмау мен ЖРВИ кезінде сияқты жүргізіледі. Инфекциядан қорғаудың жалғыз әдісі вакцинация екенін есте ұстаған жөн, — деп атап өтті Әсел Қалықова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<