«Президентіміз оқыған мықты университет»: Алтынай Жорабаева жақсы жаңалығын бөлісті

175

0

Фото: ашық дереккөз

Танымал әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы жақсы жаңалықты айтып, оқырмандарын қуантты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі тұңғышы Аяулымның Қытай Халық Республикасындағы университетке түскенін хабарлады. 

“Алланың қалауымен тұңғыш қызымыз Аяулым Қытай Халық Республикасы, Бейжің қаласындағы ең мықты университетке грантқа оқуға түсті. Аяулым былтыр Қазақ Ұлттық университетін қызыл дипломмен бітіріп, бір жыл жұмыс істеп, арасында жапон, кәріс, қытай тілдерін меңгеріп жүрді. Оқуға, басқа тілге қатты қызығатынын Гүлсінай әпкесі байқап, «Аяулым, сен деген қандай алғыр баласың! Сен осы Қытайдағы жоғарғы оқу орнына тапсырып көрсеңші. Мысалы, біздің президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың мықты университетінде оқыған ғой» депті. Сөйтіп Аяулым міне бүгін осындай ректордың шақырту қағазын алып, төбеміз көкке жеткендей қуанып жатқан жайымызды сіздерге бөлісіп жатырмыз. Бізге тілеген тілектеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын!», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары да әншіні қуанышты жаңалығымен құттықтап, жақсы тілегін жаудырып жатыр. 

Еске салайық, жыл басында әнші екінші некесінен қыз туып, есімін Амина деп қойған еді. 

“Амина Әлішерқызы! Қош келдің, ботам! Бес қызым – бес бармағым! Барлық мақтаулар мен мадақтар, тек бір Аллаға ғана тән. Қымбатты тілекшілерім! Сіздердің: “Аман-есен жаның қалсын” деген тілектеріңіздің маған қандай демеу болғанын білсеңіздер ғой. Босанып жатқан әйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көрде дегендей, өмір мен өліммен арпалысып, сәбиді дүниеге әкелу – үлкен жеңіс. Дәрігер-гинекологтарға алғысым шексіз”, – деп жазған еді өнер иесі. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<