Алты айда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар ауқымды

159

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті ХХVІ сессиясы өтті. Жиынды аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш ашып, жүргізіп отырды. Сессияға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан прокуроры Дарын Әбіш, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, құқық қорғау органдары мен облыстық бағыныстағы мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, дербес бөлім басшылары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сессия отырысының күн тәртібіне енген мәселелердің негізгісі аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі болды. Сондай-ақ, басқосуда аудандық мәслихаттың «Өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы, экология, табиғат ресурстарын пайдалану» жөніндегі тұрақты комиссия есебі, Қазалы ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссияның құрамын бекіту және Қазалы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер талқыланды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасаған аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет жыл басынан бергі экономикасының әр саласында жүзеге асырылған жұмыстар мен алдағы негізгі жоспарларға тоқталды.

Ашып айтсақ, жыл басынан 11 млрд. теңге болып бекітілген аудан бюджеті 16,9 млрд. теңгеге жеткен. Ал оның ішіндегі өз кірістеріміз 2,4 млрд. теңгені құраған. Ал ауыл шаруашылығына келетін болсақ, өнімінің жалпы көлемі 5,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға артық орындалды. Сонымен қатар, аудан бойынша биыл барлығы 17 017 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған. Бұдан бөлек, қазіргі таңда Ақтан батыр ауылының орамішілік газ тартуға қаржы бөлініп, бүгінгі күні құрылыс жұмыстары басталып кетті. Сондай-ақ 2023 жылдан өтпелі Абай ауылына орамішілік газ желісін жүргізу жұмыстарының 90 пайызы атқарылды. Сәтін салса жуық арада абайлықтар көгілдір отынның игілігін көрмек. Аудандық мәслихат сессиясында алғашқы жарты жылдықтағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп берген аудан басшысы алда тұрған міндеттер мен жоспарлар жөнінде жан-жақты баяндады.

Сессия отырысында аудандық мәслихат депуттаттары ауданда 6 айда аткарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Сондай-ақ, көтерілген өзге де мәселелер жайында хабарламашылар тыңдалып, аудандық мәслихат депуттары тарапынан оң шешім тапты.

Басқосу соңында аудан әкімі ел ішіндегі жасалып жатқан нәтижелі жұмыстар аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесе атқарғандықтың нәтижесі екеніне тоқталып, алдағы уақытта да ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<