Көлік тізгінінде отырып телефон қолданғандарға қандай жаза қарастырылған – Министрлік жауап берді

119

0

Фото ашық дереккөз

Елімізде көлік тізгінінде отырып ұялы телефон қолданғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ережеге бағынбаған жүргізуші 18 000 теңге көлемінде айыппұл төлейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұндай жағдай бір жыл ішінде тағы қайталанса салынатын салым мөлшері 40 мыңға жуықтайды. Дегенмен рөлде отырған азаматқа құлаққап киюге тыйым салынбайды.  

Ішкі істер министрлігі жол ережесін сақтамаған жаяу жүргіншінің де жаза арқалайтынын ескерткен. Енді жолды кез келген жерден қиып өткендер жеті мың теңгеден  37 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді. Ал ережені тағы бұзса, сома екі есеге өседі немесе үш тәулікке қамауға алынады. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<