Жоспарлы міндеттерді уақытылы, сапалы орындау тапсырылды

88

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Мырзабай ахун ауылының тұрғын үй секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының электрмен жабдықтау жұмыстарымен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне толық құлақ асқан аудан әкімі Ардақ Ибраимов, ауыл халқы үшін негізгі мәселелердің бірі болып келген электр желілерін толық ауыстыру жұмыстарының сапалы орындалуы тікелей бақылауда болатынын жеткізді.

Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес ауылдың әлеуетін көтеру мақсатындағы жарқын бастамалар тұрақты түрде жалғасын табатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық жоба аясында Мырзабай ахун ауылдық округіне жаңа амбулатория пайдалануға беріліп, ел игілігін көруде. Қазіргі таңда елді мекен бойынша 4 көшені күрделі жөндеуге жоба-сметалық құжаттар әзірленген.

Мырзабай ахун ауылының тұрғындары көптен күткен жобаның жұмыс қарқыны жақсы және сапалы екенін айтты.

Сондай-ақ, аудан әкімі Ардақ Ибраимов құрылыс жұмыстары басталған жаңа баспаналардың құрылыс сапасымен танысты. 2024 жылы әлеуметтік жағынан осал топтағы тұрғындарға Жалағаш кентінен 101 жаңа тұрғын үй табысталатын болады.

Жұмыс сапары барысында Ардақ Ибраимов аудан бойынша мерзімді уақыты 2024 жылға аяқталуға тиісті жобалардың барлығы уақытылы және сапалы болу қажеттігін тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<