«Жасыл көше» жеңімпаздары анықталды

83

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетовтың төрағалығымен Жалағаш ауданы бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Жасыл көше – 2024» байқауының қорытындысы бойынша үздік көшенің жеңімпаздары марапатталды.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалпы көше тұрғындары мен жастар, кәсіпкерлер арасында кең қолдау тауып, науқанға барынша үлес қосу және туған өлкені көркейту-көгалдандыру мақсатында кент және ауылдық округ тұрғындары, ардагерлер, еріктілер мен белсенді жастар жоспарланған әрбір шара мен акцияға белсенді қатысуда» деген аудан әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов туған жердің көркеюіне, гүлденуіне үлес қосу әрбіріміздің азаматтық парызымыз екенін атап өтті.

Науқан аясындағы байқауға Жалағаш кенті және ауылдық округтерден 11 көше қатысты. Арнайы құрылған комиссияның шешімімен қатысқан көшелердің тазалығы мен тұрғындардың белсенділігіне өзіндік баға беріліп, Аққұм ауылдық округі, Желтоқсан көшесі «Жасыл көше – 2024» байқауының жеңімпазы атанды.

Жүлделі ІІ орынды Қаракеткен ауылдық округі, Игілік көшесі, ІІІ орынды Мақпалкөл ауылдық округі, М.Нұрылдаев көшесі иеленді. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<