«Күшті жел, тұман, найзағай»: Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

91

0

Фото: ашық дереккөз

Синоптиктер еліміз бойынша 5-7 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері ауа райының тұрақсыз сипаты сақталмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша алдағы күндері ел аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай байқалады. Республиканың солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр жауады.

7 қыркүйекте түнде елдің шығысындағы және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанған. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында антициклон әсерінен жауынсыз ауа райы болмақ.

Республика бойынша күшті жел соғады. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік және шығыс аймақтарда тұман күтіліп, топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік байқалады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<