Криштиану Роналду «Реал Мадридке» қашан оралады: спорт маманының пікірі

76

0

Фото: ашық дереккөз

«Манчестер Юнайтед» пен Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы Майкл Оуэн португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың болашақтағы бапкерлік мансабы туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ A Bola басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұрынғы футболшы әрі спорт маманы Майкл Оуэннің айтуынша, Криштиану Роналду болашақта Португалия құрамасының немесе тіпті мадридтік «Реал» клубының бас бапкері болуы мүмкін. «Роналдудың алдағы жылдары алаңнан кеткісі келмейтінін байқауға болады. Оның барлық қасиеті бапкерлік қызметке сай. Неге оған бапкер болмасқа? Болашақта Португалия құрамасының бас бапкері атануы да ғажап емес.

Сонымен қатар «Манчестер Юнайтед» клубының бапкері Эрик тен Хагтың орнын басуы да мүмкін. Оның спорттық мансабы аяқталған кезде өзі өнер көрсеткен «Манчестер Юнайтед» немесе «Реал» футбол клубтарында бапкер ретінде еңбек еткісі келетін шығар», – деді Майкл Оуэн.

Айта кетейік, 44 жастағы Майкл Оуэн спорттық мансабын 2013 жылы аяқтаған. Ал 39 жастағы Криштиану Роналду қазіргі уақытта футболдан Португалия құрамасы мен «Әл-Наср» клубында өнер көрсетеді.

Португалия футболының жұлдызы «Манчестер Юнайтед» сапында 2003-2009 жылдары ойнап, кейін мадридтік «Реал» клубына ауысты. «Реалда» Роналду төрт рет Чемпиондар лигасын жеңіп алған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<