Басты талап – ауылдарды дамыту

83

0

Фото: Қала әкімдігі

Қала әкімі Ақсуат және Ақжарма ауылдық округтерінің халқымен кездесіп, ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауынан туындайтын талаптарды түсіндірді. Бұл жолы Жолдау экономикалық жаңғырту және қарапайым халықтың тұрмыс жағдайын көтеруге бағытталғанын жеткізді.

«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Үкіметтің тікелей қолдауымен және облыс әкімінің үйлестіруімен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында қала көлемінде ауқымды жобалар сәтті жүзеге асып келеді. Қаламыз қарқынды құрылыс алаңына айналды. Көркейту, абаттандыру бағытында да игі бастама баршылық. Бұл бағытта Ақсуат ауылдық округіндегі әлеуметтік ахуалды жақсарту барысында жақсы жұмыстар бар. Елге ел қосылып, округтің ауқымы кеңіді. Демеушілер есебінен Маханбетов ауылының тұрғындарына «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан жаңа спорт кешені сыйға тартылды. Ең бастысы, ауылдық округтің бюджеті жыл сайын артып, бүгінгі күні 1 025,4 млн теңгені құрап отыр. Бұл мол мүмкіндікке жол ашады,» – деп Нұржан Сәбитұлы спорт кешеннің жұмысын көріп, тұрақты шұғылданып жатқан жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Айта кету керек, Ақжарма ауылдық округі тұрғындарымен кездесуде Талдыарал елді мекеніне электр желілерін жүргізу мәселесі ұсынылды. Бұл бойынша шаһар басшысы мәселенің кешігу себептерін түсіндірді. Елдімекендегі жаңадан қалыптасқан көшелерге электр желісін жүргізу үшін 43,1 млн. теңге қаржы бөлінген. Жобаны іске асыру мақсатында конкурс жарияланып, «Ер-Қанат Сервис» ЖШС жеңімпаз болған. Алайда жұмысты кешеуілдеткен мердігер мекеме сот шешімімен мемлекеттік сатып алуға жозықсыз қатысушы деп танылған. Мекемеге құрылыс жұмыстарын аяқтау міндеттелсе де бүгінгі күнге дейін ол талап орындалмай келген.

Десе де іс аяқсыз қалмайтыны, басты талап –ауылды дамыту екенін жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<