5 қыркүйек – тілдер мерекесі

104

0

Фото: НЗМ

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан халқы тілдері күні әртүрлі танымдық шаралармен аталып өтілуде.

Таңертең оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілі бірлестіктерінің ұйымдастырған белсенді ойындарына қатысты.
Келушілер тілдік пазл құрастыру, мақал-мәтел табу, ребус шешу, жасырылған сөздердің үш тілдегі аудармасын айту, идиоманы жалғастыру секілді тапсырмалар орындап, білімдерін арттырды.

9-сынып оқушысы Аделина Финансова мен 10-сынып оқушысы Ярослав Баев домбыра мен гитарада әйгілі «Адай» күйін тартып, ұлттық өнерді жаңғыртты.

Сонымен қатар, бүгін 8-сынып оқушылары арасында тілдік квест өткізу жоспарланған, ал 9-сыныптың білім алушылары «Spelling bee» ойынында орфографиялық дағдыларын дамытатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<