Басқарма басшысы облыстық Қазақстан Халқы ассамблеясының өкілдерімен кездесті

258

0

Фото: Қоғамдық даму басқармасы

Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Мұхамедәліұлы Каюпов облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық құрылым мүшелері және этномәдени бірлестік жетекшілерімен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы халықтың бірлігін, келісімі мен бейбітшілігін нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.Бүгінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында 11 этномәдени бірлестік, аудандарда 4 этнобағытталған үкіметтік емес ұйым және 9 қоғамдық құрылым жұмыс атқарады.

Статистикалық ақпаратқа сәйкес облыс халқының 96,2% қазақ, 3,8% – этнос өкілдері болып табылады.

Шара барысында басқарма басшысы күні кеше тағайындалған «Облыстық кәрістер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ан Елена Юрьевнаны жаңа қызметімен құттықтап, алдағы атқаратын жұмысына сәттілік тіледі. Осы уақытқа дейін төраға қызметін атқарған Пак Денис Сергеевичке өз алғысын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<