Комиссияның кезекті отырысы

71

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен терроризмге қарсы күрес  комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Онда «Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының» облыста орындалуы қаралды. Сондай-ақ аймақты дінтанушы-теолог мамандармен қамту, шетелдік күмәнді теологиялық білім алудың тиімсіздігі туралы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар, Арал және Қазалы аудандарында деструктивті діни ағымдар профилактикасын ұйымдастыру нәтижелері сараланды.

Мәжіліс қорытындысымен облыс әкімі сала басшыларына осы жұмыстарды қарқынды жүргізуді тапсырып, бірқатар міндеттер жүктеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<